Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төле...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 29.12.2017
Оқылды: 194 Печать страницы
2017 жылғы 06 желтоқсандағы  «Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Алматы облысы Текелі қаласының әкімдігінің №363 қаулысы Алматы облысының  Әділет департаменті Нормативтік құқықтық  акті 2017 жылғы    «20 желтоқсан» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4441 болып енгізілді.
 
 
06 желтоқсан 2017 жыл                                                                                                                                 №363
 
 
 
                                            ҚАУЛЫ
 
 
 
Текелі қаласы бойынша мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
 
 
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері  қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы «Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру  және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3662 болып тіркелген, «Текелі тынысы» газетінде 2015 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған)  № 360 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
        
Текелі қаласының әкімі                                                  Б. Унербаев