Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 04.01.2018
Оқылды: 198 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2017 жылғы 21 желтоқсан                                                                                                                                     № 21-136
 
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 28желтоқсанда № 4453 нөмірімен тіркелген.
 
 
Текелі қаласының 2018-2020
жылдарға арналған бюджеті
туралы
 
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  1. кірістер 3166342 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 271654 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 7999 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 39000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 2847689 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 724402 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 536297 мың теңге;
субвенциялар 158999 мың теңге;
  1. шығындар 3166342 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
  2. бюджет тапшылығы (профицитi) 0 теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 0 теңге.
  1. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2018 жылға арналған резерві 1593 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2018 жылға арналған қала бюджетінде жергілікті өзін-өзі басқару органына осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес, 923 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.
Ауылдық округ әкімі жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
  1. 2018 жылға арналған қала бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қаланың бюджеттік бағдарламалар тізбесі осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы,
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы _______________ Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 21-136 шешіміне келісімі
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының экономика және                                                                                                                        Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                                                                                                                          Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                                                                 Сванқызы
 
21 желтоқсан 2017 жыл