Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 26.12.2017
Оқылды: 183 Печать страницы
Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері
мен тәртібін және оларға ақшалай
сыйақының мөлшерін айқындау туралы
 
 
         «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
         2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Руслан Ертаевич Дүйсебаевқа жүктелсін.
         3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қаласының әкімі                                                 Б. Унербаев