Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 20.12.2017
Оқылды: 161 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2017 жылғы 8 желтоқсан                                                                         № 20-130
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 14 желтоқсанда № 4415 нөмірімен тіркелген.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 11-55 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4045 тіркелген, 2017 жылдың 13 қаңтарында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 3071247 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 241496 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 27815 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 40120 мың теңге;
трансферттер түсімі 2761816 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 482200 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 862626 мың теңге;
субвенциялар 1416990 мың теңге;
2) шығындар 3127289 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 56042 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 56042 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Сессия төрағасы,
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы _______________ Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсанда «Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 20-130 шешіміне келісім
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының экономика және                                        Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                                   Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                          Свановна
 
8 желтоқсан 2017 жыл