Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 17.11.2017
Оқылды: 189 Печать страницы
 
Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 11-55 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4045 тіркелген, 2017 жылдың 6 қаңтарында және 2017 жылдың 13 қаңтарында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1.кірістер 3097341 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 241496 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 27815 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 40120 мың теңге;
трансферттер түсімі 2787910 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 484249 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 886671 мың теңге;
субвенциялар 1416990 мың теңге;
2. шығындар 3153383 мың теңге;
3. таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4.қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5.бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 56042 мың теңге;
6.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 56042 мың теңге.».
2.Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4.Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                           Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                 мәслихатының хатшысы
__________ Э. Иманбердиева                      __________ Н. Калиновский