Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 28.08.2017
Оқылды: 196 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2017 жылғы 17 тамыз                                                                                                                                                                 № 17-109
 
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 24 тамызда № 4303 нөмірімен тіркелген.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 11-55 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
 
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4045 тіркелген, 2017 жылдың 6 қаңтарында және 2017 жылдың 13 қаңтарында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
 
1. кірістер 3069123 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 260596 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 20573 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 8990 мың теңге;
трансферттер түсімі 2778964 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 496303 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 865671 мың теңге;
субвенциялар 1416990 мың теңге;
2. шығындар 3144437 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
3. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
4. бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 75314 мың теңге;
5. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 75314 мың теңге.».
 
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты Текелі қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
 
___________ Т. Жұмаділов _________ Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 тамыздағы «Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 17-109 шешіміне келісім
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
 
«Текелі қаласының экономика және                                                                                  Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                                                                             Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                    Свановна
 
17 тамыз 2017 жыл