Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 03 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпу...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 03 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 13-78 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 11.07.2017
Оқылды: 231 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2017 жылғы 8 маусым                                                                                                         № 15-95
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 05 шілдеде  № 4275 нөмірімен тіркелген.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2017 жылғы 03 наурыздағы
«Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін бекіту
туралы» № 13-78 шешіміне
өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 03 наурыздағы № 13-78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 тіркелген, 2017 жылдың 21 және 28 сәуірінде «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

17, 18-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен «+1»-ден «+5» балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қалалық мәслихатының                                  Текелі қалалық
cессия төрағасы                                                            мәслихатының хатшысы
 
___________ Д. Нүсіпов                                                   ___________ Н. Калиновский