Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 16.06.2017
Оқылды: 305 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2017 жылғы 8 маусым                                                                                            № 15-94
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 15 маусымда № 4229 нөмірімен тіркелген.
 
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
«Текелі қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 11-55 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4045 тіркелген, 2017 жылдың 6 қаңтарында және 2017 жылдың 13 қаңтарында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер 3020438 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 250596 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 7573 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6990 мың теңге;
трансферттер түсімі 2755279 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 477821 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 860468 мың теңге;
субвенциялар 1416990 мың теңге;
  1. шығындар 3095752 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
  2. бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 75314 мың теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 75314 мың теңге.».
  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қалалық мәслихаты                                                                  Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                                                       мәслихатының хатшысы
 
___________ Д. Нүсіпов                                                                        __________ Н. Калиновский

 

 

 

 

Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы «Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 15-94 шешіміне келісім

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
 
 
«Текелі қаласының экономика және                                                                 Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                                                              Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                      Свановна
 
                                                                                                                              8 маусым 2017 жыл