Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін баға...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 18.04.2017
Оқылды: 235 Печать страницы

Текелі қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2017 жылғы 3 наурыз                                                                 № 13-78                      

Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 12 сәуірде № 4186 нөмірімен тіркелген.

 

Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 28 наурыздағы № 2-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 3800 тіркелген, 2016 жылдың 13 мамырында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың                               Қалалық мәслихаттың
cессия төрағасы                                           хатшысы
___________ А. Қожабек                            ___________ Н. Калиновский