Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласының ауылдық елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздан...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласының ауылдық елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 18.04.2017
Оқылды: 259 Печать страницы

Текелі қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2017 жылғы 3 наурыз № 13-77

 

Алматы облысының Әділет департаментінде
2017 жылғы 12 сәуірде № 4185 нөмірімен тіркелген.

 

 

 

Текелі қаласының
ауылдық елді мекенінде
тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек беру туралы

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Текелі қаласының ауылдық елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін қалалық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың                                                                                        Қалалық мәслихаттың
cессия төрағасы                                                                                                        хатшысы
___________ А. Қожабек                                                                                             ___________ Н. Калиновский