Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 03.03.2017
Оқылды: 408 Печать страницы
Текелі қаласы бойынша
мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерін белгілеу туралы
 
 
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының  1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы  Құрылыс және  Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық  істері агенттігі  төрағасының  бұйрығына  сәйкес,  Текелі   қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Текелі қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау  қаласы әкімінің орынбасары Руслан Ертайұлы Дуйсебаевке  жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қаласының әкімі                                         Б. Унербаев