Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 05.01.2017
Оқылды: 335 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
2016 жылғы 21 желтоқсан                                                                                                                                          № 11-55
 
Алматы облысының Әділет департаментінде
2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4045 нөмірімен тіркелген
 
 
 
Текелі қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы
 
 
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  1. кірістер 2352309 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 244746 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 8423 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6990 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 2092150 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 349961 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 325199 мың теңге;
субвенциялар 1416990 мың теңге;
  1. шығындар 2352309 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
  2. бюджет тапшылығы (профицитi) 0 теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 0 теңге.
  1. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2017 жылға арналған резерві 1301 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, 923 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.
Ауылдық округ әкімі жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
  1. 2017 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты              Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                    мәслихатының хатшысы
 
___________ В. Кубрак                      ___________ Н. Калиновский
 
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-55 шешіміне келісімі
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының экономика және Мырзахметова
бюджеттік жоспарлау бөлімі» Файзагүл
мемлекеттік мекемесінің басшысы Сванқызы
 
21 желтоқсан 2016 жыл