Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Қолданыстағы актілер НҚА » Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және...

Қолданыстағы актілер НҚА

Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Санат: Қолданыстағы актілер НҚА
Уақыты: 02.08.2016
Оқылды: 422 Печать страницы
ШЕШІМ
2016 жылғы 02 тамыз № 7-36
 
 
Текелі қаласындағы
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
 
 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Текелі қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі «Текелі қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 30 шілдесінде № 2788 тіркелген, «Текелі тынысы» газетінде 2014 жылдың 8 тамызында № 32 (3191) жарияланған) № 31-198 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Е. Абдалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                           Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                 мәслихатының хатшысы
__________ Д. Нүсіпов                                    ___________Н. Калиновский