Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің назарына! ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

Жобалар НҚА

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің назарына! ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 15.04.2016
Оқылды: 720 Печать страницы

                                                                                                                                   Жоба

        Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің назарына!
ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ

 

Текелі қаласы                                                 2016 жыл

 

Текелі қаласы бойынша
Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге белгіленген жер салығының
базалық мөлшерлемесін жоғарлату  туралы
 

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарлатылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына тапсырылсын.
  3. Осы шешім Алматы облыстық Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы
 
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы                          

       Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы ________«Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарлату туралы» шешіміне келісім парағы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Текелі қаласының жер қатынастар                    Есболатов Болат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                             Бүркітбайұлы
басшысы                                                                      2016 жыл
 
 
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік                  Нұрғалиев Қанабек
кіріс басқармасының                                                   Досжанұлы                        
басшысы                                                                        2016 жыл