Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 31.03.2016
Оқылды: 485 Печать страницы


ЖОБА

ҚАУЛЫ
Текелі қаласы бойынша
қоғамдық  жұмыстарды
ұйымдастыру туралы


            «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының   5-тармағының 2) тармақшасына  Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1.  Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
 2. Қосымшаға сәйкес Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысыушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
3.  «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы»  мелекеттік мекемесінің директоры осы қаулыны әділет органдарында мелекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
         4. Текелі қаласы әкімдігінің  2013 жылғы 23 шілдедегі №238 «Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 26 тамызында  №2424 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінің 2013 жылғы                        6 қыркүйегінде №36 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
    5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Текелі қаласының  әкімі                                                                      Т. Қайнарбеков