Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қ...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау,әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 28.02.2016
Оқылды: 543 Печать страницы

Жөба

 

Ш Е Ш І М

 

Текелі қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу
нормалары мен коммуналдық
қалдықтарды жинау,әкету, көму
және кәдеге жарату тарифтерін
бекіту туралы
 

2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1-бабына, және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Текелі қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
 3. «Текелі қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына (келісім бойынша Нигматулин Д. Ш.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Текелі қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы                                             Н. Калиновский