Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 04.03.2016
Оқылды: 505 Печать страницы

Жоба

ҚАУЛЫ

 

Текелі қаласында стационарлық
емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауданы реттеу және белгіленбеген жерлерде сауда жүргізуді болдырмау мақсатында, Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандос Мұхаметқалиұлы Тұрысбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

  Текелі қаласының әкімі                                                     Т. Қайнарбеков

 

Қосымша

Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілері
орналасқан жерлердің тізімі
  1. Текелі қаласы, Әуезов көшесі, «Дәулет» кафесі (Әуезов көшесі №26) мен «Лесная сказка» кафесінің (Әуезов көшесі №26) ортасындағы алаң.
  2. Рудничный ауылдық округі, Рудничный ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі №40 үйдің маңындағы алаң.