Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 04.02.2016
Оқылды: 480 Печать страницы

Текелі қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

Алматы облысының Әділет

департаментінде 2016 жылғы

26 қаңтарда № 3683 нөмірімен тіркелген

 

Текелі қаласы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Текелі қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған  интернет-ресурста  және  қалалық  мәслихаттың  интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Бюджет  және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қалалық мәслихаты                                Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                      мәслихатының хатшысы
                       Э. Иманбердиева                         Н. Калиновский