Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға...

Жобалар НҚА

Текелі қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 03.02.2016
Оқылды: 582 Печать страницы
ЖОБА
 
 
 
ҚАУЛЫ
 
Текелі қаласында үгіттік  баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

 

        

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңы 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 2- тармағына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3.0Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Арман Тұрсынұлы Мұхановқа осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Болат Далабайұлы Белдібековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

 

         Текелі қаласының әкімі                                                  Т. Қайнарбеков