Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жобалар НҚА

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 28.01.2016
Оқылды: 503 Печать страницы

                                                                                                                   жоба

 

 

 

                                                         ШЕШІМ

 

 

Жер салығының
базалық мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы

 

         «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының   15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 39-257 «Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімімен бекітілген Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы          10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің  379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.

        2. Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 44-288 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

        3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының  интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

        4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.                                                                                        

        5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қалалық мәслихаты                              Текелі қалалық       

сессиясының төрағасы                                      мәслихатының  хатшысы

__________ В. Кубрак                                             _________ Н. Калиновский        

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер

комитеті Алматы облысы

бойынша Мемлекетік кірістер

департаментінің Текелі қаласы

бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы                  Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы

                                                                           28 қаңтар 2016 жыл

              

«КЕЛІСІЛДІ»

«Текелі қаласының жер

қатынастар бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                      Есболатов Болат Бүркітбайұлы

                                                                              28 қаңтар 2016жыл

 

 

 

Текелі қалалық мәслихатының                            2016 жылғы 28 қаңтардағы          № 46-298 «Жер  салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»            шешіміне  қосымша

 

                      Жоғарылатылған жер салығының базалық мөлшерлемелері

         

Аймақтың нөмірі

Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы

I

Базалық мөлшер (6.75)

II

+10

III

+20

IV

Базалық мөлшер (6.75)