Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Шешім

Шешім

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 14.01.2020
Оқылды: 52 Печать страницы
         Текелі қаласы                                                                                                                        город Текели                                                                                  
ЖОБА
Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 23-151 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы                      21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23-151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 тіркелген, 2018 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері - 76 айлық есептік көрсеткіш;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар - 26 айлық есептік көрсеткіш;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар - 26 айлық есептік көрсеткіш;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары - 26 айлық есептік көрсеткіш;
5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай - 5 айлық есептік көрсеткіш;
6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және   ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;
7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде - отбасына 200 айлық есептік көрсеткіш;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар -15 айлық есептік көрсеткіш;
9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар - 15 айлық есептік көрсеткіш.
10) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалары бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылар - 5 айлық есептік көрсеткіш.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының                                       Текелі қалалық                    сессия төрағасы                                                                       мәслихатының хатшысы
____________   Г. Ибраимова                                           ________Н. Калиновский