Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуме...

Жобалар НҚА

Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 05.08.2019
Оқылды: 67 Печать страницы
ЖОБА
 
 
Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының, 5-тармағына және Қазақстан Республикасының                     2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының, 1-тармағының, 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3182 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде                   2015 жылдың 20 шілдесінде жарияланған) Текелі қалалық мәслихатының                2015 жылғы 30 сәуірдегі № 38-249 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Текелі қаласының ауылдық елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 03 наурыздағы № 13-77 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәлелелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
            Текелі қалалық                                                                                                                                                        Текелі қалалық
   мәслихатының сессия төрағасы                                                                                                                                 мәслихат хатшысы
    ____________   В. Стрельцов                                                                                                                              ________Н. Калиновский
 
 
 
 
 
 
                                                                                                         2019 жылғы «__» ____ №______
Текелі қалалық мәслихатының
шешіміне 1 қосымша
Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Уәкілетті орган - «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
            
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі 
 
4. Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) өтініштерді талап етпестен, жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
5. Ауылдық елді мекеннің мемлекеттік ұйымдары, жылына бір рет уәкілетті органға ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне сәйкес, қалыптастырылған әлеуметтік қолдау алушылар (негізгі жұмыс орны бойынша) туралы бекітілген мәліметтерді 2 қосымшаға сәйкес береді.
6. Уәкілетті орган әлеуметтік қолдау алушылар туралы мәліметтер негізінде ағымдағы жылдың әлеуметтік төлемдер алу үшін ашылған екінші деңгейдегі банктердің шоттарына аудару арқылы төлемді жүзеге асырады.
7. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген, өзге тәртіппен қайтаруға жатады.
 
3. Әлеуметтік қолдауды тоқтату негіздері
 
8. Ереженің 4, 5-тармақтарына сәйкес келмеуі, әлеуметтік қолдауды тоқтату үшін негіз болып табылады.
 
 4. Қорытынды ереже
 
9. Әлеуметтік қолдау көрсетуді есепке алуды, уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандарылған ақпараттық жүйесінің деректер базасын пайдалана отырып жүргізеді.
 
2019 жылғы «__» ____ №______
Текелі қалалық мәслихатының
шешіміне 2 қосымша
 
 
Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау алушылар туралы мәліметтер
 
 
Тегі, Аты, Әкесінің аты
Жеке сәйкестендіру нөмері
Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні
Маманның лауазымы
Банктік шот нөмірі
1
2
3
4
5
6
 
 
 
Мекеме басшысы        _______________  _______________________

                                 мөр орыны                қол                                                        ТАӘ