Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласының көп балалы аналарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру...

Жобалар НҚА

Текелі қаласының көп балалы аналарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүруі туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 05.04.2019
Оқылды: 65 Печать страницы
ЖОБА
 
 
Текелі қаласының көп балалы
аналарының қоғамдық жолаушылар
көлігінде (таксиден басқа) тегін
жол жүруі туралы
 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
 
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
- Төрттен алтыға дейін қоса алғанда балалары бар, «Алтын алқа», алқасымен надградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.
 
2. Қаржыландыру көзі болып Текелі қаласының бюджеті белгіленсін.
 
3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Р.Е.Дүйсебаевқа жүктелсін.
 
4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қаласының әкімі                             Б. Өнербаев
 
Мәслихат сессиясының төрағасы          Т. Жұмаділов
 
Қалалық мәслихат хатшысы                    Н. Калиновский