Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бі...

Жобалар НҚА

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 86 Печать страницы
ЖОБА
 
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
 
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына және «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
 
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Дуйсебаев Руслан Ертаевичке жүктелсін.
 
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қаласының әкімі Б. Унербаев
 
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Текелі қаласы ұймдарының тізімі
 

Рет. №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Текелі қаласының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

359

1

4

2

"Шапағат" Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

239

1

2

5

"Текелі су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

117

1

1

3

"Текелі қаласының кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

82

1

1

6

«№1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

1

1

4

" Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар-жас өспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

47

1

1

7

«№2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

46

1

1

8

«№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

1

1

9

«№ 4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

1

1

10

«№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1

1

11

«№ 6 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

1

1

12

«№ 7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

1

1

13

«№ 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

1

1

14

«№2 бала-бақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме

70

1

1

15

«№3 бала-бақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме

47

1

1

16

«Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

934

1

9

17

"Текелийский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

196

1

2

18

"Электромарганец" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

59

1

1

19

«Көксу» тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

103

1

1

20

«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» акционерлік қоғам

81

1

1

21

"Green House - Зеленый Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

111

1

1

22

«Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

70

1

1

23

"MOUNTAIN MINERAL" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

41

1

1

24

"МРАМОР ТАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

39

1

1

25

"АЛАҚАЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

49

1

1

26

"Текели-Гранит"  жауапкершілігі шектеулі серіктестік   

27

1

1

27

"Текели ГМЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік           

42

1

1

28

"АКТАС БЕРЕКЕ"  жауапкершілігі шектеулі серіктестік      

32

1

1

29

"TasUn" жауапкершілігі шектеулі серіктестік   

28

1

1

30

"Коллонада" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

38

1

1

31

"Алтын Чажа" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

27

1

1