Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіл...

Жобалар НҚА

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 61 Печать страницы
ЖОБА
 
Пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
 
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына және «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
 
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Дуйсебаев Руслан Ертаевичке жүктелсін.
 
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Текелі қаласының әкімі Б. Унербаев

Текелі қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ________
№ ___ қаулысына қосымшасы

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін Текелі қаласы ұйымдарының тізімі
 

Рет. №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

 «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

934

2

19

2

"Текелийский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

196

2

4

3

 «Текелі су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

117

2

2

4

"Green House - Зеленый Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

111

2

2

5

 «Көксу» тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

103

2

2

6

 «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» акционерлік қоғам

81

2

2

7

 «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

70

2

1

8

"Электромарганец" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

59

2

1

9

 «Алақай» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

49

2

1

10

 «Текели ГМЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

42

2

1

11

"MOUNTAIN MINERAL" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

41

2

1

12

"МРАМОР ТАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

39

2

1

13

 «Коллонада» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

38

2

1

14

 «Актас береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

32

2

1

15

"TasUn" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

28

2

1

16

 «Текели гранит» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

27

2

1

17

 «Алтын Чажа» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

27

2

1