Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 28.12.2018
Оқылды: 30 Печать страницы

ЖОБА

 

 

ШЕШІМ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Текелі қаласы әкімінің «Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3032 тіркелген, 2015 жылдың 17 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Елдос Сәкенұлы Мырзабекке жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                            Қала әкімі                                                                               Б. Өнербаев

 

Қосымша