Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіт...

Жобалар НҚА

Текелі қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 25.12.2018
Оқылды: 86 Печать страницы

Жоба

 
 
ҚАУЛЫ
 
 
Текелі қаласында салық салу объектісінің
орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу
коэффициентін бекіту туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және екелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Б. Қ. Молдахметовқа жүктелсін.
 
 
Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев
 

 

Текелі қаласы әкімдігінің
20___ жылғы ___________________
№ ____ қаулысына қосымша
 
 
Салық салу объектісінің орналасқан жері
Аймақ коэффициенті
1
Рудничный ауылдық округі
1,2
2
Текелі қаласы
1,6