Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 15.11.2018
Оқылды: 75 Печать страницы
ЖОБА
 
 
ШЕШІМ
 
 
Текелі қаласында дауыс беруді өткізу
және дауыс санау үшін сайлау
учаскелерін құру туралы
 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйек Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. «Текелі қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы №1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3032 тіркелген, 2015 жылдың 17 ақпанында «Әділет ақпараттық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұржан Оразбекұлы Сатбақовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қала әкімі                                                                            Б. Унербаев