Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қ...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау,әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 02.10.2018
Оқылды: 9 Печать страницы
Жоба
 
 
 
Ш Е Ш І М
 
Текелі қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу
нормалары мен коммуналдық
қалдықтарды жинау,әкету, көму
және кәдеге жарату тарифтерін
бекіту туралы
 
2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабы, 1) 2) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1- тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
1.Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
 
2.Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
 
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Калиновский