Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 11.04.2018
Оқылды: 68 Печать страницы
Жоба
 
 
ШЕШІМ
 
 
Текелі қаласы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу
туралы
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Текелі қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
  2. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласы бойынша біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 44-289 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3683 тіркелген, 2016 жылдың 05 ақпанында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                                   Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                                         мәслихатының хатшысы
________ В. Стрельцов                                           _________ Н. Калиновский
 
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы ____ «Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы » № ___ шешіміне келісімі
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
 
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы
бойынша Мемлекетік кірістер
департаментінің Текелі қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                      Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
                                                                                                                «___»___________2018ж.