Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бі

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 10.04.2018
Оқылды: 62 Печать страницы
 
Жоба
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
 
 
Текелі қаласы                                                                                                                                                  № 2018 жыл
 
 
Текелі қаласы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және біріңғай жер
салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
 
 
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Текелі қалалық мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымында қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қалалық мәслихаттың                                      Қалалық мәслихаттың
сессиясының төрағасы                                    хатшысы
____________ Э. Иманбердиева                        __________ Н. Калиновский
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы ________«Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарлату туралы» шешіміне келісім парағы
 
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
 
«Текелі қаласының жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Болат Бүркітбайұлы
Есболатов
2018 жыл
 
 
 
 
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
 
Қанабек Досжанұлы
Нұрғалиев
2018 жыл