Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың...

Жобалар НҚА

Текелі қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 30.01.2018
Оқылды: 192 Печать страницы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖОБА
 
 
 
 
Текелі қаласында
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының  2-3 тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 2-бабы, 6-тармағы, 10-11-тармақшасына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Текелі қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 02 тамыздағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 29 тамыздағы қыркүйектегі № 3946 тіркелген, 2016 жылдың 09 қыркүйегінде және 16 қыркүйегінде қалалық «Текелі тынысы» газетінде № 37,38 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының                                Текелі қалалық               
сессиясының төрағасы                                              мәслихатының  хатшысы                          
______________                                                             _________ Н. Калиновский
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының жұмыспен қамту                             
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»                            Е. Абдалиев
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      «__» ________ 2018 жыл       
 
«Текелі қаласының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»                                       Ф. Мырзахметова
мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      «___» ______ 2018 жыл