Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару...

Жобалар НҚА

Текелі қаласының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 23.10.2017
Оқылды: 239 Печать страницы
ЖОБА
 
 
 
 
 
ШЕШІМ
 
Текелі қаласының сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Текелі қаласының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                        Текелі қалалық
сессиясының төрағасы                              мәслихатының хатшысы
 
__________ Э. Иманбердиева                   __________ Н. Калиновский