Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пай...

Жобалар НҚА

Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 16.10.2017
Оқылды: 270 Печать страницы
ЖОБА
 
 
 
 
Текелі қаласының коммуналдық
меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған
жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидаларын бекіту туралы
 
 
    Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы     1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Текелі қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Рақымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
                                                       Қала әкімі                                                                Б. Өнербаев