Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан ба...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 07.09.2017
Оқылды: 255 Печать страницы

ЖОБА

 
 
Қ А У Л Ы
 
 
 
Текелі қаласы бойынша мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы
 
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызы заңмен белгіленген тәртіп бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы «Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында № 3662 болып тіркелген, «Текелі тынысы» газетінде 2015 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) №360 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қаласының әкімі Б.Өнербаев