Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың...

Жобалар НҚА

Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 10.08.2017
Оқылды: 56 Печать страницы
 
 
 
 
Текелі қаласының
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекітілсін.
2. Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 2 тамыздағы «Текелі қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 29 тамызындағы № 3946 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінде 2016 жылдың 16 қыркүйегінде № 38 (3301) жарияланған) № 7-36 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
__________ _________ Н. Калиновский