Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпус...

Жобалар НҚА

Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 13-78 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 07.06.2017
Оқылды: 277 Печать страницы
Жоба
 
 
ШЕШІМ
 
 
 
Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы
3 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы» № 13-78 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 13-78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 тіркелген, 2017 жылдың 21 және 28 сәуірінде «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 17 және 18 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
  1. «17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1 қосымшасында көрсетілген қызмет түрлері үшін қойылады»;
  2. «18. Көтермеленетін қызмет түрлері «+1»-ден «+5»-ке дейінгі бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте, көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлерінің санына Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.

Қызметшіге әр көтермеленетін қызмет түрі үшін оның тікелей басшысымен осы Әдістеменің 1-1 қосымшасына сәйкес балл беріледі»;

  1. осы Әдістемеге 1-1 қосымша қосылсын.
  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    

 

      Қалалық мәслихаттың                          Қалалық
      сессия төрағасы                                      мәслихаттың хатшысы
      __________ Д. Нүсіпов                          ___________ Н. Калиновский