Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Ауылдық елді мекендерінде Якорь тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мә...

Жобалар НҚА

Ауылдық елді мекендерінде Якорь тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 27.02.2017
Оқылды: 383 Печать страницы
ЖОБА
 
 
ШЕШІМ
 
 
Ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек беру туралы
 
 
 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін қалалық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Е. Абдалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың               интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                 Текелі қалалық мәслихатының
cессиясының төрағасы                         хатшысы
 
___________ А. Қожабек                               ___________ Н. Калиновский
 
             
 
        Текелі қалалық мәслихатының 2017 жылғы _________ «Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» № ____ шешіміне келісім
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
 
«Текелі қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»                            
мемлекеттік мекемесінің басшысы                       Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы    
«___» _____2017 жыл
 
 
«Текелі қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»                                             
мемлекеттік мекемесінің басшысы              Мырзахметова Файзагүл Сванқызы                                                                                    «__» _____ 2017 жыл