Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекі...

Жобалар НҚА

Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 27.02.2017
Оқылды: 246 Печать страницы
ЖОБА
 
 
 
ШЕШІМ
 
 
 
Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының қызметтік куәлігін
беру Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:   

1. Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат                                      Қалалық мәслихат
cессиясының төрағасы                              хатшысы
 
___________ А. Қожабек                                     ___________ Н. Калиновский