Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін баға...

Жобалар НҚА

Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 20.02.2017
Оқылды: 399 Печать страницы
Текелі қалалық мәслихаты шешімінің ЖОБАСЫ
 
Текелі қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін
бекіту туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қалалық  мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі  қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Текелі қалалық  мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 5 мамырында № 3800 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінде 2016 жылдың 13 мамырында  № 20 (3283) жарияланған))  № 2-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менісов Бақытжан Запировичқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Менісов Бақытжан Запировичқа жүктелсін.
  5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                 Текелі қалалық мәслихатының
cессиясының төрағасы                         хатшысы
 
___________ А. Қожабек                               ___________ Н. Калиновский