Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласында мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 04.01.2017
Оқылды: 546 Печать страницы

ЖОБА

 

 
Текелі қаласында мүгедектерді
жұмыспен  қамту үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

           1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік санына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

           2. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі «Текелі қаласында мүгедектерге жұмыс орнын белгілеу квотасы туралы»  (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 28 тамызында № 2-3-51 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінің 2008 жылғы 4 қыркүйегінде № 35 нөмірінде жарияланған)

№ 270 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

          4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы  ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Текелі қаласының әкімі                                          Б. Өнербаев

 

 

 
Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы
«___» ___________«Текелі қаласында
мүгедектерді  жұмыспен қамту үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу
туралы» № __ қаулысына қосымшасы 

 

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны, (адам)
 
 
1
Шаруашылық жүргізу құқығындағы"Текелі қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
329
4
10
 
2
"Текелі кенді қайта өңдеу кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
250
4
7
 
3
"Текелийский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
287
4
5
 
4
« Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» акционерлік қоғамы
83
2
1
 
5
«№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
104
3
3
 
6
"Монолит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
2
1
 
7
"№ 4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
 
8
«Көксу»Тау-кен компаниясы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
88
2
0
 
9
"Текелі су құбыры" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
4
 
10
"Шапағат" Текелі арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
237
3
3
 
11
"Текелі кәсіптік колледжі"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
79
2
2
 
12
"№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
2
1
 
13
"№ 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
110
3
3
 
14
«№ 2 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
70
2
1
 
15
"№ 6 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
53
2
1
 
16
"№ 7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
59
2
1
 
17
 "Green House - Зеленый Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
120
3
4
 
18
"Алатау мрамор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
51
2
0
 
19
 "Электромарганец" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
61
2
1
 
20
 "Grindstone" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
78
2
0
 
21
  "№ 1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
96
2
2
 
22
"АЛАҚАЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
73
2
1
 
23
«Текелі тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1
 
барлығы
 
2650
 
55
 

 

Жобаға қосымша