Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жобалар НҚА

Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 30.11.2016
Оқылды: 370 Печать страницы

ЖОБА

 

 

 

 

 
Мүгедектерді  жұмыспен қамту
үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы

 

 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

           1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік санына квота белгіленсін:

          1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

          2) жүзден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

          3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

 2. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Текелі қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі «Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»  (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 26 тамызында № 2424 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінің 2013 жылғы 6 қыркүйегінде № 36 нөмірінде жарияланған) № 238 қаулысы; 2014 жылғы 29 шілдесіндегі «Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 21 тамызында № 2834 тіркелген, қалалық «Текелі тынысы» газетінің 2014 жылғы 29 тамызындағы № 35 жарияланған)   № 237 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

          4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш  ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қаласының әкімі                                                                                                                    Б. Өнербаев