Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша субсидия алу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір тү...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша субсидия алу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 25.11.2016
Оқылды: 386 Печать страницы

Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 қарашадағы «Текелі қаласы бойынша  субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін   айқындау  туралы» № 327 қаулысы Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2016 жылғы 23 қарашасында № 4016 болып енгізілді.

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 01 қараша                                                                                                                                                                № 327

 
Текелі қаласы бойынша  субсидия
алу үшін субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді
ұсыну мерзімдерін   айқындау  туралы

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Текелі қаласы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алу үшін  субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

         2.  «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Джылкыбаев Нурлан Джавидовичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің  орынбасары Рақымбеков Рауан Тұрданғазыевичке жүктелсін.

         4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Текелі қаласының әкімі                                                                     Т. Қайнарбеков

     

 

Текелі қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 01 қарашадағы
«Текелі қаласы бойынша субсидия алу үшін субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді
ұсыну мерзімдерін   айқындау  туралы» № 327 қаулысына қосымша

 

Текелі қаласы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау үшін  субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері

р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1

Арпа

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

2

Майлы дақылдар

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

3

Көпжылдық шөп (таза егіс)

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

4

2, 3 жылғы көпжылдық шөп

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

5

Картоп

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

6

Көкөніс

25 қараша

2016 жыл

15 желтоқсан 2016 жыл

 

Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы  01 қарашадағы «Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін   айқындау  туралы» № 327 қаулысына келісім

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Текелі қаласының ауыл
шаруашылық бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы                                                            Джылкыбаев Нурлан Джавидович
                                                                                                01 қараша 2016 жыл