Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл ша...

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 28.10.2016
Оқылды: 368 Печать страницы

ЖОБА

 

 

 

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы «___» _______                                                                                     № _____

 

 
Текелі қаласы бойынша субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша ауыл  шаруашылығы
тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін
өтінімді ұсыну мерзімдерін   айқындау  туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығының 10 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Текелі қаласы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау үшін  субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2.  «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Джылкыбаев Нурлан Джавидовичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің  орынбасары Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Текелі қаласының әкімі                                                                                                       Т. Қайнарбеков

Жобаға қосымша