Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласында коммуналдық меншікке сот шешімімен түскен иесіз қалдықтарды басқару Ережесін бекіту...

Жобалар НҚА

Текелі қаласында коммуналдық меншікке сот шешімімен түскен иесіз қалдықтарды басқару Ережесін бекіту туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 28.09.2016
Оқылды: 388 Печать страницы
ЖОБА
 
 
ШЕШІМ
 
Текелі қаласында коммуналдық меншікке
сот шешімімен түскен иесіз қалдықтарды
басқару Ережесін бекіту туралы
 
 
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Республика меншігіне  түскен сот шешімімен иесіз қауіпті болып танылған қалдықтарды басқару Ережесін бекіту туралы» № 229 бұйрығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Коммуналдық меншікке сот шешімімен түскен иесіз қалдықтарды
 басқару Ережесі аталған шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім    әділет    органдарында   мемлекеттік тіркеуден өткен соң
Ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ  қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және Текелі қалалық мәслихатының интернет ресурсында жариялау «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Д.Ш. Нигматулиннің келісімі бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау  Текелі қалалық мәслихатының
тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Аталған шешім алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
__________В. Стрельцов
Текелі қалалық
мәслихаттың хатшысы
_________Н. Калиновский