Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жобалар НҚА

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 14.09.2016
Оқылды: 404 Печать страницы
 
Жоба
 
 
ШЕШІМ
                                                                            
 
Жер салығының
базалық мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 387 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 39-257 «Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімімен бекітілген Текелі қаласы мен Рудничный ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
        2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нұрғалиев Қ. Д.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының               интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
       3.  Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  1. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихаты                         Текелі қалалық       
сессиясының төрағасы                                      мәслихатының  хатшысы
_____Э. Иманбердиева                                   _______ Н. Калиновский        
 
                                   
 
 
 «КЕЛІСІЛДІ»
 
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы
бойынша Мемлекетік кірістер
департаментінің Текелі қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы                  Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
                                                                           «___»___________2016ж.
              
«КЕЛІСІЛДІ»
«Текелі қаласының жер
қатынастар бөлімі» мемлекеттік
 мекемесінің басшысы                                     Есболатов Болат Бүркітбайұлы
                                                                       «___»___________2016ж.
                          
                                                                      
                                                                        

                Текелі қалалық мәслихатының 
«Жер салығының базалық
               мөлшерлемелерін жоғарылату
               туралы» шешіміне қосымша
 
 
 
Текелі қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату кестесі
          
(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)                                 
Жерді пайдалану бағыты
I-аймақ
К-1,0
II-аймақ
К-1,1
III-аймақ
К-1,2
1
Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық  мөлшерлемелері
0,20
0,22
0,24
2
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
6,75
7,43
8,1
3
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
0,39
0,43
0,47