Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Нормативті-құқықтық база » Жобалар НҚА » Текелі қаласы бойынша субсидия алу үшін берілетін өтінімдердің мерзімін айқындау туралы

Жобалар НҚА

Текелі қаласы бойынша субсидия алу үшін берілетін өтінімдердің мерзімін айқындау туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 25.08.2016
Оқылды: 404 Печать страницы
 Жоба
 
 
 
 
 
 
 
Текелі қаласы бойынша субсидия
алу үшін берілетін  өтінімдердің
мерзімін айқындау  туралы
 
 
             Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. Текелі қаласы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау үшін  берілетін өтінімдердің мерзімі 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін белгіленсін.
         2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің  орынбасары
Р.Т. Рақымбековке жүктелсін.
  
    
Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков