Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Текелі қаласы бойынша каратэ-шинкиокушинкайдан ІІ ашық Чемпионатты

Текелі қаласы бойынша каратэ-шинкиокушинкай ІІ ашық Чемпионаты 2013жылы 06 қазанда Текелі қаласының спорт Сарайында өтті. Каратэ-шинкиокушинкай ашық Чемпионатында 100 жуық адам қатысты: 6-15 жасқа дейін, Қырғызстан Республикасының командасынан (Бішкек қаласы), Ескелді ауданының командасы, Талдықорған қаласының және Текелі қаласының командасы. Жарыстың бас төрешісі Райманов Рафаэль болды. Жарыстың қорытындысы бойынша, Текелі қаласының командасы І орынды иеленді, Талдықорған қаласының командасы ІІ орынды иеленді және Бішкек қаласының командасы Чемпионаттың қола жүлдегелері болды....
Толығырақ... Қарау: 769 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.10.2013

2013 жылғы 1 – 8 қазан аралығында жүргізген іс-шаралар туралы ақпарат

Бірінші қазанда, қарттар күніне арналған дәстүрлі шаралармен басталды. Сары алтын күздің сәулелі күндерінде қарттарды, ардагерлер мен зейнеткерлерді құрметтеу шаралары аясында көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Сағат 10-00 де қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде «Будущее начинается сегодня» атты қоғамдық ақпараттық компаниясының бағдарламасы шеңберінде Орталық Азия Университеті және Текелі қаласының Мәдениет үйі қызметкерлерінің әзірлеген «Күзгі вальс» демалыс кеші өтті. - қала әкімі және кәсіпорын басшыларының құттықтаулары - Қарттар үйі тұрғындарына Талдықорған қаласының «Биг-Бенд» джаз оркестрі мерекелік концерт қойды. - Қарттар үйі тұрғындарына мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Сағат 12-00 де – «Шанс» кофесінде денсаулық саласының ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік шағын концерті қойылған демалыс кеші ұйымдастырылды. Сағат 15-00 де қала әкімі мереке күні қарсаңында қала әкімдігінің мәжіліс залынд...
Толығырақ... Қарау: 429 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.10.2013

6 қазан – Ұстаздар күні

Зейнеттегі ұстаздар бас қосты Қарттар мерекесіне орай №5 орта мектебінде «Қазыналы қарттарым» атты кездесу өтті. Кездесуде осы мектепте ұзақ жыл қызмет етіп, еңбегі сіңген ұла-ғатты ұстаздарымыз Б.Икласова, Г.Бектұрова, Қ.Нұржанова, Х.Шү-кібасова тағы да басқа көптеген қариялар бас қосты. Мектеп дирек-торы Э.Иманбердиеваның басшы-лығымен ұстаздар және оқушылар өз өнерлерін көрсетті. 9 «А» сынып оқушысы Айқын Аманжол «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындаса, Айдын Рания «Қазақ елі» әнімен, музыка пәнінің мұғалімі С.Иния-тов «Менің анам алтын», «Аяла» әндерімен қонақтардың көңілін көтерді. Қонақтар да қарап қал-мады, өнерлерін ортаға салып, кездесуге өз үлестерін қосты. Ал кең жайылған дастархан ба-сында қазыналы қарттарымыз кейінгі буынға жақсы өнеге-өсиеттерін, тілектерін және де ақ бата-ларын берді. Ж.Есімова, №5 ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ҰСТАЗДАРЫМА Үйретуден жалықпаған Ұстаздарға...
Толығырақ... Қарау: 615 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ҰСТАЗ

№7 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Алтынай Әлқуат білім берумен бірге адамгершілік тәрбиені санаға қатар сіңіруге әрдайым мән береді. Ол тәлім-тәрбиесінде рухани кемелдену мен патриоттық ой-сезімді ұштауды негіз етіп, әрқайсымыздың жеке қабілетімізді дамытуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілікке жетелеп, бір-бірімізге көмек қолымызды созуға, бауырмал болуға баулиды. Ол үнемі Елбасы Н. Назарбаевтың: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады» деген сөзімен жігерімізді жанып, бойымызды шыңдап, үнемі өз бетімізбен ізденісте болуға, ғылыми қор жинауға қамшылап отырады. Күнделікті сабағына қосымша зияткерлік ойын-сайыстарын жиі өткізеді. Оның әр сабағы бес минуттық «Ғылыми жаңалықпен» басталады. Ол біздің жаңа сабақ мазмұнын еркін меңгеруімізге көп көмегін тигізеді. Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша, бір оқушы 20 ұпай жинап, бестік бағамен физика пәнінен білімін д...
Толығырақ... Қарау: 519 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

Қартқа құрмет – елдік салт

Қарттар күні қала әкімі Талғат Қайнарбеков еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген, әлі де болса тұғырдан түспей, ұрпақ тәрбиесі мен қала дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар қарияларды қабылдап, оларды мерекемен құттықтады, ізгі тілек пен құрметін білдірді. «Сіздер Отан мен ел-жұрттың алдындағы азаматтық міндеттеріңізді абыроймен өтеген өнегелі жандарсыздар. Кешегі ауыр жылдардың қырын сындырған жанқияр ерліктеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бақытты өмірге кенеліп отыр. Халқымыз «Қарты бар елдің қазынасы мол» дейді. Сіздердің қаламыздың қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсенді атсалысып, ұрпақ тәрбиесі мен қала дамуына үлестеріңізді қосып келе жатқан таудай жауапкершіліктеріңіз бізге тамаша үлгі. Сол үшін де сіздерге айтар алғысымыз шексіз» деді. Өз кезегінде қарияларымыз да лебіздерін жеткізіп, ризашылықтарын білдірісті. Бүгінде қаламызда 4277 зейнеткер, 1033 тыл еңбеккері, 16 ҰОС ардагері және олармен теңестірілген 29 ардагер тұрады. Саны артқан жылд...
Толығырақ... Қарау: 581 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

24 қыркүйекте Те-келі кәсіптік колледжінде «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында жиын өтті. Жиынға студенттер, «Нұр Отан» ХДП қата-рындағы кәсіптік колледж оқытушылары қатысты. Жиынға қатысушылар «Казақстан-2020: болашаққа бастар жол» жастар саясатының тұжырымдамасын, сонымен қатар колледждің қарттар күніне арналған «Қайырымдылық» акциясының жоспарын талқылады. Бұл шарада жастарға ардагерлердің қадір-қасиетін бағалаған бүгінгі қазақстандықтардың болашағы жарқын болатыны алға тартылып, қарттарын қадірлеген ел ертеңінің тіпті де баянды болатыны сөз болды. Колледж студенттері «Қайырымдылық» акциясына барынша белсене қатысуды....
Толығырақ... Қарау: 489 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

АЛТЫН ТАҚҚАН ЖАС ҚЫРАН

Төрт жылда бір рет өтетін Еуразия ойындары биыл Алматыда желкенін керді. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған текелілік өрен Александр Попов жеңіл атлетикадан жарыста алдына қара оздырмай, алтыннан алқа тақты. Қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттығатын Александр жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы, бола-шағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Еуразия ойындарының жеңімпазы А.Попов пен жаттықтырушысы Денис Викторович Орловты осы аптада қала әкімі Талғат Қайнарбеков құттықтап, естелік сыйлық табыс етті. «Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған бүгінгі таңда ел абыройын асыратын жас спортшыларға артылар сенім зор» деген қала басшысы Александрға алдағы уақытта да байрақты бәсекелерден жеңіспен оралуына тілектестік білдірді. Текелі қаласының БЖСМ директоры Нұржан Абейбеков те жас қыранның жеңісіне сүйсініп, ізгі тілегімен қанаттандырып, ақ-шаалай сыйлық ұсынды....
Толығырақ... Қарау: 406 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

Ана тілді ардақтап...

Тіл айлығы аясында өткен аптада №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі жергілікті ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге ана тілін ардақ тұтып, қызыл тілдің қадір-қа-сиетін бағалайтын, өнер мен өлеңге жаны жақын оқушылар қатысты. Кездесудің құрметті қонағы ақын Әбіжан Омарқұлов, Ақан Ырымжанұлы, Торғын Тұрлыбаева мемлкеттік тіл – қазақ тілінің әлеуеті, әсіресе, көркемдік өресі, орнығып, жүйеге түскен ғылыми негізі, ана тілімізді сақтап дамытудың жауапкершілігі жайында ой өрбітті. Шалқар шабытқа ерік беріп, жүректі жарып шыққан өлең шумақтарын төгілтті. Өлең саңлағының сауырын сипап, жалына жабысып жүрген жас талап – Айбота Шаттық, Гүлдана Рабиғұлова, Аружан Абжапарова, Ақтаубек Арапбаев, Толғанай Ахметкәрімова қатарлы оқушылар балаң шабыттың шабысын байқатып, ақын аталарына ойын сынатты. Сапармұрат пен Айтбике бірі сырнаймен, бірі домбырамен ән шырқады. Сөз өнерін тамашалауға жиналған оқушылар ойға алған сұрақтарын қойды. Осы мектептің қаза...
Толығырақ... Қарау: 834 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

26 қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясында ынтымақпен іс-телген істің ырысты болатыны тағы бір дәлелденіп, нұротандықтар жаңа міндеттердің үдесінен шығу ел мен жердің көркеюіне жол ашатынын салмақтады. Келелі жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов, аудан, қалалардан сайланған 355 делегат және партияның басқа да белсенділері, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Конференцияның күн тәртібі бекітілген соң, алғашқы сөзді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков алды. Ол өз баяндамасында Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығы қарсаңындағы ел жетістіктеріне тоқталып, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның ХІV съезіндегі: «Шын мәнінде халықтық ұйымғ...
Толығырақ... Қарау: 534 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Өткен жұмада емханада қалалық аурухана және санитарлық-эпиде-миологиялық қадағалау басқармасының мұрындық болуымен «Сала-уатты азық-түлік – халық денсаулығы» атты облыстық акция өткізіліп, мамандар үлкен-кішіні тиімді, дұрыс тамақтануға үндеді. Емхана ауласына көрнекі ақпараттар ілінген стенділер қойылып, бір шетте терапевт, эндокринолог дәрігерлер, дәрігерге дейінгі кабинет медбикесі ашық қабылдау өткізді. Бұл жерден кез келген тұрғынға қан қысымын, бойын, сал-мағын өлшетіп, қан құрамындағы қант пен холестеринді анықтатып, қажетті ақыл-кеңестер алуға мүмкіндік туды. Ал екінші жақта жергілікті «Аксенов» ЖК балы, «Шеңгелбаев» ЖК наны, Текелі сүт зауытының сүт өнімдері және «Руал» ЖШС ұсынған жеміс-жидектерге толы дастархан жайылып, көпші-ліктің назарын аударды. СЭҚБ басшысы Маратбек Сайболатов жиналған-дарға табиғи өнімнің денсаулыққа пайдасы жөнінде айтып, сауалдарына жауап берді. СЭҚБ бас маманы Жанна Әбдалиева: «Денсаулықты ...
Толығырақ... Қарау: 618 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.10.2013