Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Тағайындау

Қасымбеков Ернар Мұхтарұлы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №983 Жарлығымен Алматы облысы Текелі қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол 1980 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы Алматы қаласының Заң колледжін, 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде-миясы Сот төрелігі институтының магистратурасын үздік бітірген. 2006 жылдан 2009 жылдың мамырына дейін Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, Алматы қал...
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Экономикалық интеграция

1 қаңтардан бастап әлемде жаңа экономикалық интеграциялық бір-лестік өз жұмысына кірісті. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Белорус мемлекеттерінің аумағында құрылып, жақында ғана оған Армения елі қосылды. Еуразиялық одақ туралы идеяны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет осыдан жиырма жыл бұрын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде көтергені белгілі. Президент Назарбаевтың бастамасы аясында өткен жылдар ішінде қыруар жұмыстар атқарылды. Кейіннен еур...
Толығырақ... Оқылды: 457 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен белгілі қаламгерлер Тұрсын Әбдуәлиев пен жерлесіміз Сәбит Биболовтың «Бақтыбай ақын» атты екі томдық жаңа кітабы жарық көрді. Бұған дейін де оқырманға таныс жазушылардың бірлескен шығармашылық ізденісі нәтижесінде дүниеге келген қос томдық ХІХ ғасырдың екінші жартысында айтыс ақындарының «алмас қылышы, наркескені» атанып, өз өмірінде талайым талқыны басынан кешкен Бақтыб...
Толығырақ... Оқылды: 764 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Бала шақтан – болашаққа

Қазақта «Адам адамнан тәлім, ағаш ағаштан мәуе алады» деген аталы сөз бар. Ұлттық уызға мәйегінен жарымаған жеткіншектің ертең ел азаматы, саналы, салиқалы тұлға боп қалыптасуы да қиын. Жуырда қаламыздағы №3 балабақшада өткен «Бала шақтан – болашаққа!» атты дөңгелек үстелде осы мәселе әңгімеге арқау болды. Дөңгелек үстелге «Алатау» газетінің бас редакторы, танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, «Жетісу» газетінің бөлім редакторы Ришад Тұ...
Толығырақ... Оқылды: 536 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Алғашқы күнде – қос ұл

Текелі қалалық ауруханасының перзентханасында 2015 жылдың 1 қаңтарында 2 ұл бала дүниеге келді. Біріншісі жаңа жылдың алғашқы сағатында 00.45-те, екіншісі 02.50-де өмір есігін ашты.
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Әлемдік додаға жолдама

Катар елінде өткен балалар мен жасөспірімдердің құрлықтық чемпио-натынан біздің Айгерім күміс медальмен оралды. Ауыр атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің Азия чемпионаты 31 желтоқсан мен жаңа жылдың 8 қаңтары аралығында өтіп, Қазақстан құрама командасы сапында зілтемірші қызымыз халықаралық бәсекенің жеңіс тұғырынан көрініп, абыройымызды асқақтатты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірті, №8 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айгерім Әуелбек ауыр атлетикадан бұған...
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.01.2015

Комиссия отырысы өтті

Қалалық әкімдікте Текелі қаласында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өтті. Жиын барысында аталған мәселелер төңірегінде атқарған шаралары туралы білім бөлімінің басшысы З.Игембаева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Қызылбаев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Андасов, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ф.Мырзахметованың ақпараттары тыңдалды...
Толығырақ... Оқылды: 459 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2015

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне қолдау мен құрмет көрсету жөніндегі адамгершілік, патриоттық тәрбиені арқау еткен жалпыұлттық акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын тапты. Жексенбі күні қала әкімі Талғат Қайнарбеков қаламыздағы соғыс ардагерлері-нің үйіне арнайы барып, Елбасының ізгі сәлемін жеткізді және келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Қала әкімі ең алдымен соғыс ардагері Василий Гаври...
Толығырақ... Оқылды: 505 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2015

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Күрделі жөндеуден өтіп, жақында пайдалануға берілген жаңа ғимараттың жиын залына Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов филиал тарапынан өткен 8 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Оған қала әкімінің орын-басары Рауан Рақымбеков, Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алмагүл Оңғарбаева, қалалық кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту бөлімдері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшыла...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2015

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

24 желтоқсан күні Мәдениет үйінде өткен қала әкімінің шырша мерекесіне 100-ден астам бүлдіршін қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Періште көңіл бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған қала әкімі Талғат Қайнарбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен гүлденіп, көркейіп келе жатқан Қазақ елінің барша игіліктері балалардың жарқын болашағы үшін екенін атап айтып, мемлекеттік игі бағдарлама ая-сында қаламыздың да жыл өткен сайын тынысының ашылып, дамуға бет түзегенін, те...
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2015