Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 12.03.2020
Оқылды: 38 Печать страницы

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық пошта мекенжайы: upiir@industry.gov.kz;

Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558; 329568, 329567.

Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін қоса алғанда) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. "18" наурыздан бастап 2020 ж. "03" сәуір аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2020 ж. "18" наурыз сағат 9.00 (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020 ж. "03" сәуір сағат 13.00 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландыру және конкурстық құжаттамалар тізімі www.industry.gov.kz сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен танысуға болады.